Жаңалықтар

Құқық нормаларын білу және дұрыс қолдану

«Заңдарды білу – олардың сөздерін есте сақтау емес, мағынасын түсіну болып табылады» Марк Туллий Цицерон – ежелгі рим философы және саясаткері.

Қазақстандықтардың күнделікті өміріне кейбір заң терминдері мықтап енген, бірақ олар әрдайым дұрыс түсінілмейді және қолданыла бермейді. Оның айқын мысалы ретінде «сыбайлас жемқорлық» ұғымының қолданылуын алуға болады.

Интернет желісінің жарияланымдарында, бұқаралық ақпарат құралдарында, қоғамдық көлікте, ұйымдардың стенділерінде, көше билбордтарында бізге заңнама нормаларын көрсетіп, түсіндіреді, әлеуметтік роликтерді көрсетеді, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасаудың салдары туралы ескертеді және осындай белсенді хабардарлықтың нәтижесінде біздің халқымыз сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылық мәселелерінде жақсы ұғатындай әсер қалады.

Дегенмен, тәжірбие көрсеткендей, ауызекі тілде терминдер өте жиі өзінің заңдық бастапқы мағынасынан бұрмаланып қолданылады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңнамасында жоқ анықтамалар «ойлап табылады».

Осылайша, заң «сыбайлас жемқорлық» ұғымын «ірі», «орташа», «ұсақ» және басқа түрлерге бөлмей тұжырымдайды («Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1 бабының 6 тармағы).

Сыбайлас жемқорлық субъектілері де заңмен нақты айқындалған:

жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар (Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, соттар, мемлекеттік саяси қызметкерлер, “А” корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметкерлері және т. б.),

мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар (барлық мемлекеттік қызметкерлер, мәслихат депутаттары, мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттерді Мемлекеттік қызметке тағайындалғанға дейін уақытша орындайтын адамдар),

мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар (жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайланған адамдар, мемлекеттік ұйымдарда немесе мемлекеттік сектор субъектілерінде басқарушылық функцияларды орындайтын адамдар және т. б.),

лауазымды адамдар (билік өкілінің функцияларын жүзеге асыратын адамдар және т.б.).

Бұл тізімге мұғалімдер, дәрігерлер, балабақша тәрбиешілері, теміржол көліктерінің жолсеріктері және т.с.с. кірмейді.

Бірақ, бұл олардың «пара ала беруіне болады» және мемлекеттік немесе жеке мектепте, ауруханада, пара беру мүмкіндігі бар дегенді білдірмейді. Мұндай бұзушылықтар үшін өзге, жемқорлық бойынша емес, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің «Заңсыз сыйақы алу» 247-бабы бойынша жауапкершілік көзделген. Кей бұзушылықтарды «ұсақ» санатына қате жатқызу бойынша келсек, бұл түсініспеушілік Қазақстан Республикасының «Пара алу» 366-бабына ескертпені мұқият оқыған жағдайда шешіледі. Бұл норма белгілі шарттар болған кезде, атап айтқанда:

осы бап субъектісінің мүлікті, мүлікке құқықты немесе сыйлық ретінде өзге де мүліктік пайданы алғаш рет алуы,

алдын ала келісім болмаған жағдайда,

алдын ала орындалған заңды әрекет(әрекетсіздік) болмаған жағдайда, және, ақырында,

егер сыйлық ақысы екі айлық есептік көрсеткіштен аспаған жағдайда,

бұзушылық маңызды емес, қылмыстық емес, тәртіптік немесе әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады. Осылайша, қылмыстық норма, біріншіден, “мүмкін” және “мүмкін емес” арасындағы шекараны белгілемейді, бірақ заңды жауапкершіліктің әртүрлі түрлерін атайды, екіншіден, және бұл өте маңызды (!), іс-әрекеттің маңызының аздығын тану үшін жоғарыда көрсетілген барлық шарттар жиынтығы болуын талап етеді.

Заңнама нормалары ежелден халықтың әрекет ережелері болып табылады. Құқық нормаларының мазмұны мен мағынасын дәл білу оларды қолдану кезінде қателіктерге жол бермейді. Бұл, барлық әрекеттері құқық қолдану болып табылатын, мемлекеттік органдармен қатар, көпшілік алдында сөйлегенде, БАҚ құралдарындағы мақаланың жарық көруіне, ғылыми жұмыстарға, халықаралық конференцияларға қатысуға, т.б. да жатады.

Мемлекет үшін басымдық қазақстандықтардың кәсібилігінің жо­ғары деңгейі, оның ішінде құқықтық сауаттылығы мен құқықтық нормаларды, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларды білудің қажетті және жеткілікті деңгейімен қамтамасыз етілген құқықтық мәдениет деңгейі болып қала береді. Өйткені күш – білімде.

Алтынай СУЛЕЙМЕНОВА, Орталық Қазақстан Академиясының оқытушысы, AntikorQaragandy ақпараттық-ағарту штабының мүшесі

Басқа материалдар

Back to top button