Жаңалықтар

Визасыз режимнен қауіп жоқ

Қазіргі таңда Қытай халық республикасы мен Қазақстан арасындағы визасыз байланыс режимі туралы ел арасында түрлі көзқарас, пікір бар. Бұл өз кезегінде орынды. Өйткені, өзін осы елдің азаматы деп білетін әр адам елдің болашағына алаңдайды. Бұл шешімнің кері әсері болуы мүмкін деп ойлайды. Алайда, алаңдауға негіз жоқ екенін айтқым  келеді.

Қытай – еліміздің де, басқа Орта Азия елдерінің де, әлемнің алпауыт мемлекеттерінің де сауда серіктесі. Олардың тауары бармайтын ел жоқ. Дерекке сүйенсек, Қытай мен Орта Азия елдері арасындағы тауар айналымы 2021 жылы 24,3 млрд. доллар болса, 2022 жылы 32,1 млрд-ты құраған. Ал, Қытай мен Қазақстан арасындағы сауда-саттық көрсеткішін рекордтық көрсеткіш деуге болады. Еліміздің аспан асты еліне эскпорты да былтырғыдан  әжептәуір өскен.

Елімізде Қытай тауарларына қажеттілік артып келеді. Олар да біздің өнімдерді тұрақты тұтынады. Визасыз режимді енгізудегі басты мақсат – экономикалық байланысты нығайту. Бұл біздегі шағын және орта бизнес өкілдеріне де өнімін экспорттауға мол мүмкіндік береді. Сондай-ақ, іскер топтардың байланысын арттырады.

Жыл басындағы Ұлттық банктің дерегі бойынша, елімізге тартылған инвистиция бойынша Қытай алдыңғы бестікте тұр. Ал, Қытайда 8 мыңнан астам қазақстандық турист тіркелген. Сонымен қатар, бұл келісім біздің көк паспортымыздың имиджін арттыруға да оң әсерін тигізеді деп ойлаймын.

Қытайлықтардың елімізде визасыз жүру мерзімінің ұзартылуына қарамастан, эмигранттарға ақылы қызмет көрсетуге тыйым салынады. Яғни, олар жұмысқа орналаса алмайды. Оны да түсінген жөн. Босқа даурықпай, кәсіп істеп, шет елдермен байланысты нығайтуға бейімделейік дегім келеді.

Меруерт БАШАЙ,

“Отандастар” қоры фронт-кеңсесінің бас сарапшысы,

Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button