Жаңалықтар

Визасыз режим: алаңдауға негіз жоқ

Бұл мәселе қоғамның бүйірін қыздырып жатқаны жасырын емес. Осы тұрғыда көпшілікке сауатты түсіндіру жұмыстарының өз деңгейінде атқарылғаны маңызды.

Біз сүйенген деректер визасыз режим екіжақты болатынын айқындады. Яғни, Қазақстанның азаматтары да визасыз Қытайға туристік және іскерлік мақсатта бара алады. Бұл – бір.

Тағы бір анықтап өтелік, визасыз режим тек туристік және іскерлік сапарларға ғана арналады, бірақ жұмыс істеуге құқық бермейді.

Тұжырып қойсақ, визасыз режим туристік ағымды арттыруға бағытталған. Визасыз режимді енгізу экономикаға жағымды әсер етеді деп болжануда, өйткені туристерден қонақүйлерде, мейрамханаларда, көліктерде және мәдени ойын-сауық орындарына ақшалай пайда түседі.

Бұл арада Қазақстанның дипломатиялық жұмысы қазақстандықтардың әртүрлі елдерге бару мүмкіндіктерін барынша аз кідіріспен арттыру болып табылатыны анық.

Сонымен қатар, шағын және орта бизнес үшін мобильді болу және ірі әлемдік экономикамен жақындықтың артықшылықтарын пайдалану өте маңызды. Айта кету керек, жақында ғана Қазақстан мен Қытай шекаралас  елдер екендігіне қарамастан, қазақстандықтар үшін Қытай экономикасы визалық шектеулерге байланысты қол жетімсіз болған кезде бірқатар келеңсіздіктер туындаған.  Бұл, әрине, қазақстандық бизнестің бәсекелестігіне теріс әсер етті.

Бүгінде Қазақстан – әлемдік қоғамдастықтың жауапты мүшесі. Тұтастай алғанда, еліміздің экономикалық өркендеуін мақсат ететін бейбіт саясат жүргізеді. Тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстан-Қытай шекарасы мұқым Орталық Азия үшін экономикалық белсенді аймақ болған-ды.

Осы ынтымақтастықтың арқасында жүздеген мың қазақстандық экономикалық әл-ауқатқа қол жеткізіп, шекара маңындағы және халықаралық сауда мүмкіндіктерін ашты.

Қазақстан мен Қытайдың визасыз режимі біздің бизнесмендерге Қытайға сапар шегуге мүмкіндік беріп қана қоймай, Қазақстанда түрлі іс-шаралар, көрмелер, кездесулер, конференциялар және экономикалық белсенді азаматтар арасындағы кездесулердің басқа да форматтарын өткізу үшін халықаралық бизнесті тартатынын атап өту маңызды.

Баса белгілей атап өтерлік бір жайт бар. Бұл арада тек экономикалық әрі іскерлік мүдде жатыр. Сондықтан, алаңдауға негіз жоқ.

Серік САНАУБАЕВ,

«Қарағанды облысының кәсіпкерлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің  төрағасы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button