Бас тақырыпРесми

Вице-президент алдағы он күн ішінде белгілі болады – Президент

Қазақстанда Вице-президент лауазымы енгізіліп, бұл қызметке кім тағайындалатыны келесі аптада немесе он күн ішінде белгілі болады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Хабар» телеарнасының тілшісіне берген жауабында айтты.

Сурет Ақорда

Президенттің айтуынша, Вице-президент институтын Конституцияға енгізу – ел үшін аса қажет шешім.

«Жұрттың бәрі Вице-Президент лауазымы туралы сұрап жатыр. Расында, бұл – айтулы өзгеріс. Біз Конституциямызға жаңа лауазымды әдейі енгіздік. Бұл лауазым аса қажет деп айтсақ, қателеспейміз. Себебі қазіргі бұлыңғыр заманда мұндай лауазым елімізге өте қажет. Келесі аптада немесе он күн ішінде Вице-Президент кім екені мәлім болады. Мен оны қазір анық айта алмаймын. Ол белгілі, сіздер жақсы білетін адам болады деп ойлаймын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button