Жаңалықтар

Вице-министр Талғат Ешенқұлов Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесті

24 ақпан күні Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесті. Басқосуда вице-министр тұрғындарға жоғары білім мен ғылымның басым бағыттары туралы айтып берді.
Іс-шарада Талғат Ешенқұлов жоғары білімнің қолжетімділігі, озық кадрлық қамтамасыз ету, инфрақұрылымды дамыту, интернационалдандыру, жоғары оқу орындарының цифрлық архитектурасын дамыту, білім беру сапасын қамтамасыз етудің ұлттық моделі, университеттің үшінші миссиясы және үздіксіз білім беру жүйесін дамыту сияқты тақырыптарды қозғады.
​- Президенттің тапсырмасы аясында студенттерді жатақханалардағы орындармен қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Мысалы, егер 2023 жылғы тамызда орындарға қажеттілік 87 мың орынды құраса, 2023 жылғы желтоқсанда біз бұл көрсеткішті 75 мың орынға дейін төмендеттік. 2029 жылға қарай 70 мың төсек-орыны бар жатақханалар іске қосылады, – деп атап өтті вице-министр.
​Сонымен қатар ол Қарағанды облысының тұрғындарымен ғылым саласының алдында тұрған басым міндеттерімен бөлісті. Талғат Ешенқұловтың айтуынша, бұл – ғылымды әкімшілендірудің жаңа моделі, кадрлық әлеуетті нығайту, ғылыми инфрақұрылымды жаңғырту және цифрландыру, университеттік ғылым, қолданбалы ғылым мен экожүйені дамыту, РҒТҚ коммерцияландыру.
​Баяндамадан кейін вице-министр азаматтарды жеке қабылдау өткізді, оның аясында тұрғындар өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап ала алды.
Сондай-ақ, Қарағанды қаласына сапар аясында Талғат Ешенқұлов жергілікті жоғары оқу орындарына, атап айтсақ. Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетіне, Қазтұтынуодағы Қарағанды университетіне және А. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетіне барды. Ол оқу орындарының университеттік және ғылыми қызметімен танысып, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамымен кездесті.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button