Вирус бақылауда
Ел ішін жайлаған індеттің екпіні бәсеңдегенімен, басылған жоқ. Түрлі мутацияға түсіп, жұқтыру қаупі артып кетті. Тұтас әлемді төңіректеген коронавирус инфекциясынан елімізде 1743 адам емделуде.
108 пациент стационарда, 1635 амбулаториялық ем қабылдауда. Үш науқастың жағдайы өте ауыр, үш адамның жағдайы ауыр, бір сырқат өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәліметінше, жыл басынан 27 қаңтарға дейін коронавирус инфекциясының 233 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 220 жағдай симптомды, 13 жағдай симптомсыз. Соңғы тәулікте вирус жұқтырғандар саны 15. Сырқаттанушылық алдыңғы аптамен салыстырғанда 1,1 есеге өсті.
Пандемия басталғаннан бүгінгі күнге дейін облыста 162 127 COVID-19 жағдайы тіркелді. Қарағанды облысы «жасыл» аймақта.
Сағыныш ӘБІЛ.