Білім

Виртуалды балабақша іске қосыла ма?

Қарағанды облысында еліміздегі алғашқы «Sabidamu виртуалды балабақшасы» онлайн-платформасы іске қосылуы мүмкін. Бұл ата-аналарға балаларын пайдалы іспен айналысуға ғана емес, сонымен қатар, ерте дамуға көмектесетін сапалы әдістемелік материалдарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

– Платформа балабақшаға бармайтын балаларға арналған. Жүйе балалардың белгілі бір жасына сәйкес әртүрлі контент әзірлейді. Балабақшаларда жинақталған тәжірибені онлайн форматқа аударамыз. Сондай-ақ, біз логопедтер, психологтардың жұмысын автоматтандырғымыз келеді. Ата-аналар сұрақтар қоя алады, – деді SabiDamu платформасын әзірлеумен айналысатын «Өрлеу» компаниясының басшысы Фарида Ақшолақова.

Виртуалды балабақша келесі жылдың қаңтарынан бастап жұмыс істейді.

Қарағанды облысында 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту сапасы артуда. Өткен жылмен салыстыр­ғанда ол 82,6%-дан 84%-ға дейін өсті. Биыл 1107 орын ашылды.

Айта кеткен жөн, өңірдің 404 мектепке дейінгі ұйымдарына 35 мыңнан астам бала барады. INDIGO.kz ақпараттық жүйесі арқылы бүгінгі таңда балабақшаларға 5 мыңнан астам бала қабылданды.

Жыл соңына дейін облыс бойынша Қарағанды, Шахтинск, Қар­қаралы және Шет аудандарында 505 орындық тоғыз мектепке дейінгі ұйым ашу жоспарлануда.

Аяулым СОВЕТ,
«Ortalyq Qazaqstan»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button