Covid-19Ресми

Вакцина алу – ерікті

2020 жыл коронавирус індетін ала келді. Жер бетінде 70 миллионға тарта адам ауру жұқтырса, қайтыс болғандар 1,5 миллионға жетті. Қалыпты өмірге қайта оралудың жалғыз жолы – вакцина. Мамандар «індетті ауыздықтау үшін кемі 2 миллиард адамға вакцина салу керек» дейді. Доза көлемінің шектеулілігіне байланысты елімізде осыдан тура бір ай бұрын дәрігерлерге егу басталған еді.

Екінші ақпанда облыс орталығындағы №3 емханада вакцинация кабинеті ашылған болатын. Әзірге бұл жерде пациенттермен жұмыс істейтін тәуекел тобындағы медицина қызметкерлеріне

ғана екпе жүргізілсе, кейін қала тұрғындары да осы жерден «Спутник V» ала алады.

Кабинет жұмысы жайлы аталған емхананың алдын-алу қызметі орталығының меңгерушісі Нина ЮРКОВЕЦПЕН сұхбаттастық…

Нина Владимировна, екпе алған медицина қызметкерлері арасында вакцинаның кері әсері байқалды

ма?

– Емханадағы 200-ге тарта медицина қызметкері екпе алды. Барлығы демеймін, бірақ, біразында кері әсер байқалғаны рас. Оның өзінде жеңіл түрде өтті. Мысалы, дене қызуы көтеріліп, жалпы әлсіздік байқалды. Аталған реакциялар ағзада болуы мүмкін. Бұл жалғыз «Спутник V» вакцинасы ғана емес, кез-келген вакцина салғанда болатынын медицина қызметкерлері біледі. Бірнеше күннен соң кері әсердің барлығы толығымен жойылды.

Кері әсері байқалса, не істеу керек?

– Вакцина алғаннан кейін медицина қызметкері өзін на- шар сезінсе, жұмысқа шықпай, үйде қалуларына мүмкіндік береміз. Ал, егер ағза реакциясы айқын көрінсе, емханаға келіп, дәрігерге көрінеді. «Спутник V» алғанға дейін қызметкер терапевтен тексеруден өтеді, түсіндірме жұмысы жүргізіледі. Әрине, терапевт қандай да бір медициналық қарсы көрсетілім байқаса, екпені кейінге қалдыра алады. Бұл жалғыз медицина қызметкерлеріне ғана емес, келесі кезекте вакцина алатын педагогтерге де, құқық қорғау органы қызметкерлеріне де қатысты.

Вакцинадан бас тартқан медицина қызметкерлері жұмыстан шеттетілуі мүмкін бе?

– Елімізде вакциналау азаматтардың келісімі негізінде ерікті түрде жүреді. Процедура алдында екпе алатын адамға вакцина туралы және кері реакция тудыруы мүмкін екендігі туралы нұсқаулық беріледі. Әрі қарай дене қызуы, қан қысымы өлшеніп, денсалық жағдайы ескеріледі. Терапевт вакцина салуға қарсы көрсетілім жоқ деген жағдайда ғана екпе алуға жіберіледі. Оның өзінде, пациенттің келісімімен ғана. Вакцина алмаған медицина қызметкерін жұмыстан шеттетуге ешкімнің құқығы жоқ.

Денсаулығында екпе алуға ешқандай қарсы көрсетілімі жоқ, бірақ, нақ вакцина салар уақытта созылмалы сырқаты сыр берген болса?

– Ондай жағдайлар болады. Мысалы, осы №3 емхананың бір қызметкеріне терапевт вакцина алуға рұқсат берген жоқ. Себебі, созылмалы сырқаты бар екен. Бұл мүлдем екпе салынбайды деген емес. Денсаулығы қалпына келгеннен кейін қайтадан тексеруден өтіп, вакцина ала алады.

Әңгімеңізге рахмет.

Сұхбаттасқан Салтанат ІЛИЯШ.

Басқа материалдар

Back to top button