Бас тақырыпМедицина
Уланған баланың екеуі нейробокстан шығады
Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында уланған балалардың екеуі жағдайлары жақсаруына байланысты бүгін нейробокс бөлімшесінен шығады деп хабарлады облыстың денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда оқиға бойынша тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Сараптама қорытындысы әлі дайын емес.
Айта кетейік, кеше облыстық клиникалық аурухананың инфекциялық орталығының бөлімшесінде емделіп жатқан екі бала жағдайының жақсаруына байланысты ауруханадан шыққан болатын. Бүгінде стационарлық емдеудегі, оның ішінде жансақтау бөлімшесіндегі балалардың жағдайы тұрақты.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz