Жаңалықтар

Қуаныш Елікбаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысында болды

26 сәуірде ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысында болды.

Қазақстанның индустриалды дамыған облысында техникалық реттеу мәселелеріне арналған сапар «Қарағанды фармацевтикалық кешенінен» басталды. Онда сынақ зертханаларын аккредиттеу, метрология, оның ішінде өлшеу құралдарын тексеру, стандартты үлгілерді дайындау, дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау мәселелері, сондай-ақ «СТ-KZ» сертификаттау шеңберінде оқшаулауды тереңдету төңірегінде мәселелер көтерілді.

Айта кетейік, ҚФК иммунобиологиялық, биофармацевтикалық және басқа да дәрілік препараттарды өндіруге маманданған.

Бұдан әрі Қуаныш Елікбаев «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ өңірлік филиалына, Саран қаласындағы «Qaztehna» ЖШС автобустар мен арнайы техника шығаратын ірі кәсіпорынға және Қарағанды экономикалық университетіне барды, онда студенттер мен оқытушылар құрамы қызықтырған сұрақтарын қойды.

Одан кейін өңір әкімінің орынбасары Ермек Алпысовтың және мемлекеттік бақылау органдары мен кәсіпкерлік субъектілердің қатысуымен Техникалық реттеу мәселелері жөніндегі өңірлік штабтың отырысы өтті.

Бұл бағытта Қарағанды өңірінің өнеркәсіп секторында біраз мәселе бар. Мәселен тұрақты негізде өлшеудің сенімсіз құралдарын пайдалану, ірі өнеркәсіптік және энергетикалық объектілерде, сондай-ақ аттракциондарды, балалар алаңдарын пайдалану кезінде және басқа да салаларда қауіпсіздік талаптары бұзылғаны анықталады.

– Өкінішке орай, осындай нысандарда жарақат алып не арты қайғылы аяқталып жатқан жағдайлардың кәусі болдық. Қарағандыда да кейде балалар арасында да болды. Сондықтан біздің бастамамыз бойынша жергілікті атқарушы органдар Үкіметтің қаулысымен осы объектілерді пайдалану сатысында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға жауапты болып айқындалды. Сонымен қатар, тексеру парақтарына осындай бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін өзгерістер енгізілді. Алайда барлық өңірлерде әкімдіктердің жауапты құрылымдары тиісті түрде бекітілмеген, – деп атап өтті Қуаныш Елікбаев.

Өз кезегінде облыс әкімінің орынбасары Ермек Алпысов өңірлік штабтың міндеті уәкілетті органдардың тиісті техникалық регламент талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде тап болған кәсіпкерлік субъектілерінің нормативтік құжаттарды қолдануы кезінде туындайтын жалпы және типтік қателіктерді, қиындықтарды анықтау және бақылау болып табылатынын атап өтті.

Сондай-ақ, ҰКО Бас директорының орынбасары Әбсамат Әкімов отырыста қазіргі уақытта халықаралық үлгілерге баламалы қазақстандық аккредиттеу жүйесі отандық өнімнің сапасын жақсартуға, экспортын ұлғайтуға айтарлықтай жәрдемдесуге қабілетті екенін, «КазСтандарт» Бас директорының орынбасары Тоқтабек Тоқанов қалаларда стандарттарды енгізу бойынша, оның ішінде сапа бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

Бұдан кейін ТРМК Төрағасы азаматтарды жеке қабылдап, өңірлік БАҚ өкілдеріне сұхбат берді және Saryarqa телеарнасының «Уақыт KZ» бағдарламасына қатысты. Онда сапардың қорытындысы, өңір жұртшылығына техникалық реттеудің мақсаттары мен міндеттері туралы айтылды.

Сапар қорытындысы бойынша Қарағанды облыстық ТРМК департаментінде кеңес өтті, оның барысында департамент директоры Бауыржан Қасымов филиалдың жұмысы туралы айтып берді және төраға биылғы жылға жаңа міндеттер қойды.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button