Білім

Тың ізденіс, тыңғылықты тұжырым

Əбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті химия жəне химиялық технологиялар кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы ғылыми мекемелердің жəне кəсіпорындардың жетекші мамандарымен дөңгелек үстел өткізді. Аталған шара Қазақстандағы ғылым қызметкерлері күніне жəне университеттің 70 жылдық мерейтойына орайластырылған. Жиын тақырыбы «Химиялық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары» деп аталды.

Негізгі мақсаты – пікір алмасу, химиялық технологиялар саласындағы перспективалық зерттеулермен танысу.

Дөңгелек үстелде «ҚР органикалық синтез жəне көмір химиясы институты» ЖШС биологиялық белсенді заттарды синтездеу зертханаларының жетекші мамандары, х.ғ.д., профессор Оралғазы Нұркенов, ҚР ҰҒА академигі, х.ғ.д., профессор Серік Фазылов, х.ғ.к., қауымдастырылған профессор Жангелді Нұрмағанбетов, т.ғ.м., докторант Анель Меңдібаева жəне «AlsKazlab» ЖШС Бас директоры Қайрат Қарасартов, Қарағанды зерттеу зертханасының бастығы Данияр Нұрымқанов қатысты.

Университеттің атқарушы директоры, т.ғ.д., профессор Аристотель Исагулов жиында құттықтау сөз сөйледі.

Іс-шара барысында қатысушылардың баяндамалары тыңдалып, дөңгелек үстел тақырыбы бойынша мəселелер талқыланды. Сондай-ақ, қатысушылар «Биоинженерия» ғылыми-білім беру кешеніне, «Жаңа материалдар» ғылыми-зерттеу институтына экскурсия жасады.

ҚарТУ-дың Химия жəне химиялық технологиялар кафедрасының меңгерушісі Алтынарай Темірбекқызы баяндамасында ғылыми мекемелер мен кəсіпорын өкілдерімен кездесу «Корпоративтік университет» ынтымақтастығының инновациялық-білім беру консорциумы туралы келісім шеңберінде жүзеге асырылатынын айтты.

«Химияның супрамолекулалық саласы» тақырыбында ҚР ҰҒА академигі Серік Фазылов баяндама жасады. Оның басшылығымен Қазақстанда алғаш рет наноқұрылымды биологиялық белсенді заттарды синтездеудің микротолқынды технологиясы бойынша жаңа ғылыми бағыт дамыды.

«AlsKazlab» ЖШС Бас директоры Қайрат Қарасартов компания қызметкерлері табиғи ресурстарды өндіру жəне байыту саласында əлемдегі жетекші жəне əртараптандырылған компаниялардың бірі болып табылатын Eurasian Resources Group (ERG) сияқты көптеген ірі компаниялар үшін зерттеулер жүргізіліп жатқанын айтты.

Химия жəне химиялық технологиялар кафедрасының доценті Жанара Рахимберлинова «Табиғи заттар негізінде азол қосылыстарын синтездеудің тиімді əдістерін əзірлеу», «Жаңа материалдар» ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Ольга Демец «Микротолқынды экстракция, бетулинді жəне қайың қабығымен байланысты қосылыстарды тазарту жəне сəйкестендіру» тақырыбындағы баяндамалары тыңдалды. Гранттық жобаларды орындаудағы ғылыми нəтижелерге «ҚР ОСжКХИ» ЖШС жетекші ғалымдарымен, сондай-ақ, КУ халықаралық серіктесі, «Томск мемлекеттік университеті» ҒЗИ органикалық химия кафедрасының профессоры Əбдіғали Бакибаевпен бірлесе қол жеткізген.

Биологиялық белсенді заттарды синтездеу зертханасының ең жас қызметкері Анель Меңдібаева – химия жəне химиялық технологиялар кафедрасының «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша магистратура түлегі. Ол «Ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру туралы» баяндаманы ұсынды.

Іс-шара соңында ғылыми мекемелер мен кəсіпорындардың өкілдері Əбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ КеАҚ базасында өтетін «Білім, ғылым жəне өндірістің интеграциясы» тақырыбында 2023 жылдың 16-17 маусымда өтетін «XV Сағынов оқулары» өтетін болды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы ғылыми жəне жоғары білім министрлігі ұйымдастыратын ғылыми жəне басқа да бағдарламалар бойынша гранттық жобаларға бірлесіп қатысу; 6В07110/7М07108 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» бакалавриат жəне магистратура білім беру бағдарламасы бойынша білім алушыларының дипломдық жəне магистрлік жұмыстарына бірлескен басшылық жасау; Scopus ДБ индекстейтін халықаралық журналдарда 2 (Q2) квартилдің бірлескен авторлығымен 2 мақала дайындау туралы шешім қабылданды.

Алтынарай ТАКИБАЕВА,

Ə.Сағынов атындағы ҚарТУ Химия жəне химиялық технологиялар кафедрасының меңгерушісі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button