ЖаңалықтарТеміртау

Цехты қайта жаңғыртады

   «АрселорМиттал Теміртау» АҚ кокс химия өндірісінің көмір даярлау цехын қайта жаңғыртады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлап отыр.

4 сәуірде аталған цехты қайта жаңғыртуға 135 млн. теңгеден астам инвестициялау бойынша қоғамдық тыңдаулар өткен. Көмір даярлау цехының бөлімшелерінде аспирациялық жүйелерді қайта жаңғырту барысында ескірген тазалау жабдықтарын қазіргі заманғы тиімділігі жоғары жеңдік сүзгілер мен ауа өткізгіштерге ауыстыру жүргізіледі. Қайта құрудың экологиялық бағдарламасы 2021 жылға дейін есептелген. Көрсетілген уақыт ішінде цехтағы барлық шаңнан тазалау жабдығын ауыстыру жоспарлануда.

Хабарламада «Жобаны іске асыру органикалық емес шаңның шығарындыларын 82%-ға қысқартуға мүмкіндік береді. Жаңа аспирация жүйесі шаң бөліну көздерінен тікелей ауаның шаңын соруды көздейді. Осылайша, шикізат өндірісіндегі көмір шаңын қайталама пайдалануға мүмкіндік береді», – делінген.

Орнатылатын шаңнан тазалау жабдығының тиімділігі шамамен 99,8%-ды құрайды. Жабдықты орнату кезінде жер бедеріне және ашық су көздеріне теріс ықпал етпейтін жұмыстарды ұйымдастыру қарастырылған.

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button