АбайАймақ

Топарлықтарға тарту – кешен

Осыдан 6 жыл бұрын Абай қаласында сəулетті денешынықтыру-сауықтыру кешені салынып, оның игілігін жұрт көре бастаған. Енді өткен жылдың күзінен бастап, дəл осындай нысанның құрылысы Топар кентінде де қолға алынып, биылғы тамыз айында пайдалануға берілмек. Ол салынып біткен күнде мұнда 100 орындық көрермен залы, баскетбол, волейбол, күрес жəне үстел теннисі ойындары бойынша əмбебап жаттығу залдары болады.

Абай ауданы

Аумағы 1601 шаршы метр жерде тұрғызылып жатқан бұл кешенге тапсырыс беруші – Абай ауданының құрылыс бөлімі. Мердігер – «Аstana Koktem Group» ЖШС. Жалпы жобалау-сметалық құны 493 миллион 875,6 мың теңге болатын нысан басындағы жұмыс қазір де қызу қарқын алған.

– Бүгінге дейін біз жоспарланған шаруалардың 70 пайызын тындырдық, – дейді осы мердігер ұйымның прорабы Еркін Өскенбеков, – Яғни, кешеннің қасбеті бітіп, металл құрылымдары орнатылып, төбе жабындысының плиталары бетондалып, ішкі қабырғалары қызыл кірпіштен өріліп, сырты сэндвич панельдермен қапталуда.

Біз барғанда осы іспен тас қалау шылар, бетондаушылар, монтаждаушылардың 3 бригадасы айналысып жатыр екен. Олар да кенттегі кешен құрылысын белгіленген мерзімде аяқтап, қатарға қосатындарын нық сеніммен айтады. Өйткені, құрылысшылар таңның атысы, күннің батысы, тіпті, демалыс, мереке күндеріне қарамай еңбек етуде.Сəтін салса, тамыз айының соңында топарлықтар өздеріндегі су жаңа денешынықтыру-сауықтыру кешенінің тұсаукесерін тойлары күмəнсіз.

Ержан ИМАШ,
Абай ауданы
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button