Спорт

«Тобыл» қарымта ойында айласын асыра ала ма?

Қостанайлық «Тобыл» клубы Конференция лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы кездесуінде чехиялық «Викторияға» есе жіберді.

 

Ойынның алғашқы бөлігі тартысты өтті. Қос команда тарапынан біршама шабуыл болғанымен, таблодағы есеп өзгермеді. Тек, 73-ші минутта «Виктория Пльзень» клубының жартылай қорғаушысы Каду есеп ашты. Ал, 90-шы минутта Лукаш Калвах есепті еселеді. Есеп – 0:2. 

Дегенмен, отандастар бұл ойында голсыз қайтпады. 98-ші минутта Серж Дебле есеп алшақтығын қысқартты.

Енді қос команда арасындағы қарымта ойын 31 тамызда Чехияның Пльзен қаласында өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, «Тобыл» бұған дейін осы финдік «Хонка», швейцариялық «Базель» және Солтүстік Ирландияның «Дерри Сити» клубын ұтқан болатын.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button