Тоғыз адамның өмірін жалмаған жол апаты

«Балқаш-Приозерск» тас жолы бойында «Toyota Camry 70» пен «Honda Odyssey» автокөліктері соқтығысып, оқиға орнында 9 адам көз жұмды.

Аталмыш оқиға Гүлшат кентінен бес шақырым жерде таңғы сағат 6:00-де орын алған. 

– Салдарынан 9 адам оқиға орнында қайтыс болды. Бір жолаушы ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды, – деп хабарлады Балқаш қалалық полиция бөлімінің басшысы Айткен Кадрин.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.