Жаңалықтар

Өткен жол сараланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі ғалым, «Қазақ газеттері» ЖШС Бас директоры Дихан Қамзабекұлына берген кең көлемді сұхбат беріп, 2024 жылға тың межелерді белгіледі.

Егер Әділетті Қазақстанды қалыптастыру сияқты аса ірі бастама тұрғысынан келсек, әлемдік деңгейдегі прогресшіл, демократиялық, саяси, экономикалық даму, рухани жетілу, стратегиялық бағыттағы аса ірі межелердің жүзеге асуына бет алғанымызды байқап, қуандық. Жасыратыны жоқ, әлемдегі қазіргі таңда орын алған алуан түрлі келеңсіздіктер, тұтас бір үйлесім жүйесінің бұзылуы тұтасып келгенде әр көшбасшыдан тапқырлық пен ірі саясаткерлікті талап етеді. Осы орайда халықты әлеуметтік жағынан қорғау, бизнеске жәрдем беру, демократиялық, адам құқығын қорғау – басты міндет. Заңның үстемдікке ие болуы, жастарға сенім арту мен қолдау, экономиканың жаңа моделін енгізу – бәрі де саяси, рухани, экономикалық саладағы өркендеуімізге алғышарт. Адал еңбек етіп, тұрақтылық пен бірлікті көздің қарашығындай сақтауға үндейді.

Гүлнара РЫСМАҒАМБЕТОВА,
«Bolashaq» академиясының ректоры, профессор

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button