Жаңалықтар

Өткен аптада азық-түлік бағасы тағы да қымбаттады

Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,2%-ға, бір жылда 23,6%-ға өсті, деп хабарлайды ortalyq.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық-түліктің бағасы апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады.

Анықтау үшін елді мекендерде орналасқан тауарлардың түр-түрі сатылатын сауда нысандары (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады.
Қазақстан бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы (2023 жылғы 7 наурыз):
Сүт 2,5% – 355 тг/л
Құмшекер – 454 тг/кг
Күріш – 383 тг/кг

Бұған дейін Үкімет басшысы алыпсатарлармен күресті күшейту керектігін тапсырған болатын.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button