Тілсіз жау екі адамның өмірін қиды

Қарағандыда тұрғын үйден өрт шығып, салдарынан екі адам қаза тапты.

Суреттер: Төтенше жағдайлар департаментінен алынды

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше Луганская көшесінде орналасқан тұрғын үйде жалпы ауданы 80 шаршы метрді құрайтын үйдің төбесі, тұрмыстық заттар мен жиһаздар өртенген. Оқиға орнынан 1953 жылы туған әйел мен 1980 жылы туған ер адамның мәйіттері табылды.

Өрттің шығуына пештің мұржасының дұрыс жұмыс істемеуі себеп болған.

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті жылу жүйесін уақытылы жөндеу, мұржаларды күйеден жүйелі түрде тазарту керектігін еске салады.

Жалпы өткен тәулікте Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелеріне 11 мәрте қоңырау түскен. Оның алтауы өрт сөндіруге, бесеуі авариялық-құтқару жұмыстарына байланысты болған.

Төтенше жағдайлардың кез келген алғышарттары мен фактілері бойынша «101» немесе «112» телефондарына хабарласу керектігін естеріңізге саламыз.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.