Руханият

Тілендиев мұрасы жаңғырады

Қарағандыда белгілі қазақ композиторы Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойы аталып өтіледі. Концертке алты дарынды дирижер қатысады. Мерейтойлық шара күні Қарағандыға Тәттімбет атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің бірінші бас дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дүйсен Үкібай шақырылды.

Ол еңбек жолын енді бастағанда Нұрғиса Тілендиевпен жұмыс істеу бақытына ие болған. Одан басқа, Қарағанды сахнасында Н.Тілендиев атындағы дирижерлер байқауының бас жүлдегерлері – Дәурен Ғылымов, Ерболат Ахмедияров және Әбілқайыр Сағымбаев өнер көрсетеді.

Сондай-ақ, концертке Тәттімбет атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің бас дирижері, мәдениет үздігі Ерлан Бақтыгерей және оркестрдің көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абуғалисын Шоқанбаев қатысады.

Бағдарламаны Тәттімбет атындағы қазақ халық аспаптарының академиялық оркестрі «Ата толғауы» шығармасымен ашады. Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің әртістері Балғабек Смағұлов, Дәуренбек Әркенов, Меруеш Башай, Сырым Хордин, Медет Осатаев, Азамат Елеусін, Рысты Рахымжан және басқалар өнер көрсетеді.

Концертте «Аққу», «Сағындым ғой», «Қарлығашым», «Ақ құсым», «Қайран менің жүрегім», «Өз елім», «Құстар әні» сынды шығармалар орындалады. Бағдарлама «Махамбет» классикалық күйімен аяқталады.
Концерт К.Станиславский атындағы орыс драма театрының сахнасында 8 сәуір күні сағат 18:30-да өтеді.

Өз тілшімізден

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button