Тілегіміз – тұрақтылық

     Мен – ұлы даланың перзентімін. Азаттықты жүрегімнің түбіне терең бойлатып, бостандықты сезінудемін. Ертеңіммен өмір сүремін. Білімге, өмірге деген құштарлығым зор.

     Бабаларымыз аңсаған арман күндерді біз кешудеміз.Бұл дәуір бізді таңдады. Тұғырлы тәуелсіздігіміз бар. Елбасы айтқандай «Тәуелсіздік – жалпыға ортақ еңбек». Тәуелсіздік бір ғана адамның еңбегі емес және бір күнде келген жоқ. Ол – тарихта ізі, жүректе сызы қалған небір оқиғалардың, ата-бабамыздың кіндік қаны тамған жерін қорғау үшін төгілген қан мен тердің нәтижесі.Сондықтан да тұғырлы, баға жетпес Тәуелсіздігімізді мәңгілік сақтап, кейінгі ұрпаққа аманат етуіміз қажет. Тәуелсіздік – халқымыздың басты құндылығы. Жауапты сәтте бірлігімізді сақтап,еліміздің игілігі үшін аянбай тер төгуіміз керек. Біз жыл өткен сайын сол бір тарихи таңдаудың сарқылмас құдыретін жан жүрегімізбен түсінеміз. Ол – өз тағдырымызды өзіміз айқындау, болашағымызды өз қолымызбен жасау таңдауы. Біздің жаңа Қазақстанымыз жарық жұлдыз болып дүниеге келді. Баршамызды Тәуелсіздіктің Ұлы рухы жебейді, біріктіреді, бойымызға қуат беріп, сенімімізді нығайтады.Рухы биік,еңбегі ерен,бірлігі мығым Мәңгілік Ел болу үшін бізде бәрі бар.Тәуелсіздіктің туын желбіретіп,тұғырын нығайтқан біздің тарих алдында жүзіміз жарқын. Біздің тірегіміз – Тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық,білегіміз – бірлік.

Ернұр ЖАМЕЛ,

15 мектеп-лицейінің

11 «А» сынып оқушысы.

БАЛҚАШ қаласы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.