Тіл дамуына серпін

    «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында Приозерск қаласы әкімдігінің ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің қатысуымен «Достық» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында қазақ тілін латынға ауыстыру бойынша кездесу өткізілді. Кездесуге мекеменің барлық қызметкерлері қатысты.

Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Гүлжахан Шәрбекова  Мемлекет басшысының латын әліпбиіне ауысу идеясын қолдады және латын графикасын пайдаланудың оң артықшылықтарын атап өтті. Ол қазақ тілінің көшуінің артықшылықтары мен оң аспектілері туралы айтып, 90-шы жылдары латын әліпбиіне ауысқан Орталық Азия елдерін мысалға келтірді. Барлық мекеме қызметкерлері Елбасы идеясын қолдады және Президенттің бұл бастамасы біздің халқымызға мемлекеттік тілдің дамуы үшін күшті серпін беріп қана қоймай, оны жаңа рухани мағынада толтырады деп сенеді.

Жұлдыз ДУЛАТОВА,

Приозерск қаласы ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының орынбасары.

ПРИОЗЕРСК қаласы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.