Приозерск

«Тіл-қазына» жобасы Приозерск қаласында жалғасты

Жуырда Қарағанды қаласында бастау алған «Тіл-Қазына» жобасы аясында облыстық көшпелі семинар-тренинг Приозерск шаһарында жалғасын тапты. Іс-шараны өткізудегі мақсат – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және қадір-қасиетін арттыру, қазақ контентін дамыту, жас мамандардың біліктілігін арттыру және теориялық білімді практикамен ұштастыру.

«Тіл-қазына» жобасы

Семинар-тренингті Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығының бөлім меңгерушісі Жұпар Жақанова жүргізді. Жиынға мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлері, кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобаны іске асырудың үш бағыты бекітілген. Біріншісі бойынша облысымыздағы 11 өңірдегі тіл саласындағы өзекті мәселелерді анықтау болса, екіншісі әлеуметтік желілерді зерделеп, ондағы қазақ контентін дамытуға арналған жұмыстар басталып кеткен көрінеді.

– Ата Заң аясында бақ-берекеміздің сақталып отырғаны тіл саясатын дұрыс жүргізудің жемісі екені анық. Тіл – ең ұлы қару, ең асыл құндылық, ең керемет қатынас құралы. Тіл туралы жазу, ол туралы айтудан қашпау да, жалықпау да керек. Себебі, тіл – халықтың жүрегі. Оның бойында ұлттық болмыс, ұлттық рух, дәстүр мен салт жатыр. Мен отбасымда ана тіліне деген құрметке жете назар аударамын. Басымнан өткен оқиғаны айтып берейін. Алматыда тұратын балам немеремді орыс мектебіне беремін дегенде үйіне барып талап қойғанмын. Егер, менің немерем орыс мектебіне барса, мені, Жаңбырбай есімі өлді, – деп есептей бер. Ұрпағымның тілі шұбарланса мен жер басып жүрмеймін, – деп үйден шығып кете бардым. Қарағандыға келгенімде балам хабарласып, немеремді қазақ мектебіне бергенін айтып, кешірім сұрады. Сонда бір ұрпағымды сақтап қалғаныма қуандым, – деді спикер, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің аға оқытушысы Жаңбырбай Ахметұлы.

Сонымен қатар, спикерлер Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Ақпараттық технология басқармасының басшысы Мөлдір Бақытқызы, қоғам белсендісі, тіл жанашыры Эльмира Сайлауқызы IT және ғылым саласында қазақ тілінің дамуын көрсететін сайттар мен Тіл туралы заңнамадағы өзгерістер, соның ішінде көрнекі ақпаратқа қатысты баяндама жасады. Бұдан басқа көшпелі семинар-тренингтер, әлеуметтік желілерде «Қазақ тілі 24/7» контентін қалыптастыру және облыстық «Үлгілі отбасы» байқауын өткізу қарастырылғандығын сөз етті.

Талқылау, сұрақ-жауап түрінде өткен семинарда белсенділік танытқан Приозерск қаласының тұрғындары «Тіл-Қазына» жобасы аясында толық мәлімет алады.

Бірінші лекте 60 өтінім келіп түсті. Олардың жартысын комиссия мақұлдады. 29 тамыздан өтінімдерді қабылдаудың екінші легі басталады. Ол 9 қыркүйекке дейін жалғасады. Бизнес-идеялары қабылданбаған адамдарда да мүмкіндік бар. Олар қайта өтініш беруге құқылы.

Грантқа 29 жасқа дейінгі жастар, мүгедектігі бар және «қандас» мәртебесі бар адамдар, өңіраралық қоныс аударушылар, көп балалы және мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасы мүшелері, АӘК және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар үміткер қатарында.

Нұрдос КӘРІМ.

ПРИОЗЕРСК қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button