Жаңалықтар

Тікұшақ апатының себептерін екі бірдей ведомство өкілдері тексереді

Батыс Қазақстан облысында болған тікұшақ апатының себептерін екі бірдей ведомство өкілдері тексереді, деп хабарлайды ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

 

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов ведомствода өткен брифингте айтты.

– Оқиғаның мән-жайын тергеумен ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері мен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаментінің қызметкерлері айналысатын болады, – деді министрліктің ресми өкілі.

Сондай-ақ, ол экипаж мүшелерінің бәрі білікті мамандар болғанын еске алды.

– Экипажда білікті, жоғары тәжірибелі мамандар болғанын атап өткім келеді, олардың әуеде ұшу сағаттары да аз емес. Әрқайсысының авиақұтқару саласындағы еңбек өтілі 10 жылдан кем емес, ал жалпы еңбек өтілі 30 жылдан асады, – деді Руслан Иманқұлов.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Батыс Қазақстан облысында «Қазавиақұтқару» АҚ-ға тиесілі тікұшақтың «апатты жағдайда қонып», 4 адамның мерт болғаны хабарлаған болатынбыз.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button