Жаңалықтар

Тікұшақ апаты: Қаза болғандардың балаларына жәрдемақы төленеді

Батыс Қазақстан облысында болған Тікұшақ апатынан қаза болғандардың балаларына кәмелетке толғанша жұмыста алып жүрген айлық мөлшерінде жәрдемақы төленеді, деп хабарлайды ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

 

– «Қазавиақұтқару» қаза тапқандардың отбасыларына жан-жақты көмек көрсетеді. Ритуалды қызметтерге жұмсалатын барлық шығындар «Қазавиақұтқару» есебінен жүргізіледі. Қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларындағы балалар кәмелеттік жасқа толғанға дейін қаза тапқан қызметкердің жалақысы мөлшерінде ай сайынғы жәрдемақымен қамтамасыз етілетін болады. Барлық қажетті төлемдер ұжымдық келісімшартқа сәйкес төленетін болады, – деді ТЖМ ерсми өкілі.

Еске салсақ, кеше Батыс Қазақстан облысында «Қазавиақұтқару» АҚ-ға тиесілі тікұшақтың «апатты жағдайда қонып», 4 адамның мерт болғаны хабарлаған болатынбыз.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button