Тиімді тәсілден – оң нәтиже
Жақында Жезқазған қаласында «Жаңартылған білім беру мазмұны: ізденіс және тәжірибе» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Аталған семинарға облыстағы қалалар мен аудандардан қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен сабақ беретін 80 мұғалім қатысты. Семинардың алғашқы бөлімі «Білімді мыңды жығар…» бағыты бойынша әлеуметтік педогогикалық жобаларға арналды. «Білім мазмұнын жаңарту – білім саласының көкжиегі» атты бөлімінде тәжірибелі ұстаздар ашық сабақтар өткізсе, «Мұғалімнің педогогикалық шеберлігі – табысты оқыту» тақырыбы бойынша қалалар мен аудандардан келген мұғалімдерге тренинг өткізілді. «Ұлы даланың рухты өрендері» тақырыбында №№2, 4, 5, 11, 13 орта мектептердің оқушылары ТЕDх форматы бойынша «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласын қазақ әдебиетімен байланыстырып, әлеуметтік жобалар қорғады. Семинардың соңында Қ.Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерінің ұйымдастыруымен қаламыздың 65 жылдығына орай «Тарихы терең, байлығы ерен – Жезқазған» атты әдеби қонақүй аясында облыстық семинар қорытындыланды. Қалалар мен аудандардан келген әдіскерлер мен мұғалімдер облыстық семинардан алған әсерлерімен бөлісіп, қаламыздың мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің жұмыстарына сәттілік тіледі.
Аңсаған ҚАЗИЕВА,
облыстық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскері.