Тез сауығуына тілек білдірді

     Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі И.Күлшімбаев, авариялық-құтқару жұмыстарына атсалысқан Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінің, Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері ауруханада жатқан азаматтың хал-жағдайын білді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

     Облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, апаттан кейін 10 сағат өткен соң құтқарушылар ер адамды үйінді астынан аршып алған.

      Зардап шеккен ер адамды іздеу жұмыстары кинологтардың көмегімен жүргізілді. Бұл азамат 600 тоннаға жуық үйінді астында қалған. Қауіп-­қатер мен қиындықтарға қарамастан, 4 құтқарушы ол адамды тірі алып шықты. Қазіргі уақытта зардап шеккен ер адам ауруханада жатыр. Бастысы, оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

    Сонымен қатар, қазір жансақтау бөлмесінде үй құлаған кезде зақым алған 11 жастағы қыз бала жатыр. Құтқару қызметінің мамандары онымен кездесе алмаса да тез сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Өз тілшімізден.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.