Жаңалықтар

«Террикон алқабы» ІТ мамандарды маусым айындағы неконференцияға шақырады

“Террикон алқабы” ІТ-хабы 30 маусым күні сағат 18.30-да әзірлеушілер мен кәсіпкерлер үшін кезекті конференция өткізеді. Іс-шараға шақырылған бес сарапшы білімдерімен бөліседі.

SMM маманы және кәсіпкер Кәрім Мейманов жасанды интеллекттің SMM-ге әсері туралы баяндайды.

Wonder Women Халықаралық әйелдер қауымдастығының негізін қалаушы Рада Исламова табысты стартаптар құру тәжірибесімен бөліcпек.

Senior QA engineer Николай Лосев автоматтандырудағы өзекті тақырыптардың бірі – Flaky tests-ті жайлы айтады.

UX дизайнының үздік тәжірибелері туралы Samga Bilim Group графикалық дизайнері Әділет Намазов және Е. Бөкетов атындағы ҚарУ студенті Masoum Salehi ағылшын тілінде «Information security/Android apps» тақырыбында дәріс оқиды.

Неконференция форматы – онлайн және офлайн.

Қатысушыларды тіркеу terricon.kz сайтында өтеді.

“Террикон алқабы” ІТ-хабының мекенжайы: Алалыкин көшесі, 12.

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button