Жаңалықтар

Теміржолда қауіп көп

Биыл 27 837 азамат теміржол бойындағы тыйым салынған жерлерді кесіп өткен. Кінәлілердің барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жол ережесін қасақана бұзғандардың салдарынан пойыз­дар 1863 мәрте тежелуге мәжбүр болған. Бұл туралы polisia.kz хабарлады.

Сурет: news.myseldon.com сайтынан

Былтыр 90 адамды пойыз басып кетіп, қаза тапса, 6 бала зардап шеккен. Өткен аптаның өзінде екі кісі осындай жазатайым оқиғаға тап болып, біреуі ажал құшты.

– Қайғылы оқиға теміржол бойындағы жаяу жүргіншілер жолында орын алып жатыр. Теміржолды кесіп өтерде аса қырағы болуы қажет, – дейді көліктегі полиция департаментінің басшысы Бақытжан Малыбаев.

Б.Малыбаевтың мәлімдеуінше, қауіпті аймақтағы жазатайым жайттардың алдын алу мақсатында департамент қыз­меткерлері бүгінде теміржол ұйымдарымен бірлесіп, республикамыздағы пойыздар қозғалысы аймағында бірқатар шаралар өткізуде. Атап айтқанда, «Тоқта, соқтығыс!», «Теміржол – жоғары қауіпті аймақ!» тақырыбында жолаушыларға арналған ескертпе шаралары жүріп жатыр. Акция аясында ұйымдастырушылар пойыз жолының бойындағы халықпен 2952 түсіндірме жұмысын жүргізген. Сонымен қатар, жолаушылар пойызындағы жолаушылармен 3136 кездесу өткізіп, білім беру ұйымдарында 3139 түсіндірме жұмыстары өткен. Дегенмен, тәртіп сақшыларының айтуынша, халықтың жауапсыздығынан теміржол нысандарында қауіпсіздік ережелері әлі де бұзылып жатыр.

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button