Спорт

Теміртаулық Ярослава Косулина Әлем чемпионатынан жүлдемен оралды

«Экстремалды атлетика» қоғамдық бірлестігі және «Еуразия» скандинавиялық серуендеу мектебінің ұйымдастыруымен Алматыда жаяу жүруден әлем кубогы өтті. Чемпионатта бақ сынаған 54 жастағы теміртаулық Ярослава Косулина әлем чемпионатының жүлдегері атанды.

Қарағанды спорты

Айта кетейік, Әлем кубогы ONWF Халықаралық скандинавиялық серуендеу федерациясының қолдауымен өткен. Қазақстанның оңтүстік астанасында өткен біріншілікте қатысушыларды осы ұйымның президенті Марчин Шульц қарсы алды. Жарысқа 300-ден астам спортшы қатысқан. Қатысушылардың ішінде Польша, Словакия және Испания елінен келген жүйріктер де бар. Ел намысын әлемдік додада қорғаған жерлесіміз Ярослава Косулина скандинавиялық жаяу жүруден 50-59 жас аралығында бақ сынап, І орын иеленді. Ал, жалпы қатысушылар арасында ІІ орынға қол жеткізді.

– Біз әлемнің түпкір-түпкірінен келген үздік спортшылармен жарысу мүмкіндігіне ие болдық. Команданың барлық қатысушылары мәреге дейін жетті. Өзіне берілген қашықтықты сәтті жүгіріп өтті. Әуелі өзім тәрбиеленушілеріме үлгі бола білгім келді. Және сол мақсатыма жеттім. Берілген қашықтықты бір деммен жүріп өттім. Өз әдісіме салып тыныс алдым. Дұрыс тыныс ала білгеннің нәтижесінде бойда қатты шаршау байқалмады, – деді ардагер спортшы.

Қарағанды спорты

Жерлесіміз бүгінде облыстық мүгедектер спорты мектебінің пауэрлифтинг бойынша жаттықтырушы-оқытушы болып жұмыс істейді. 2013 жылы Теміртау қаласынан мектеп жасына дейінгі балаларға арналған жүзу мектебін ашқан. Ал, 2007 жылы скандинавиялық жаяу жүрумен айналысып, әрі әртүрлі жастағы адамдарды жаттықтырып келеді.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button