Жаңалықтар

Теміртаулықтар жүлдемен оралды

Ұлттық ұланның 6697 әскери бөлімінде спорттық-бұқаралық іс-шаралар жоспарына сәйкес волейболдан «Орталық» өңірлік қолбасшылығының біріншілігі өтті. Жарысқа «Орталық» өңірлік қолбасшылығының 22-ші спартакиадасының аясында  СҚО, Қарағанды, Ақмола және Қостанай облысынан келген әскери бөлімдердің құрама командалары қатысты.

Суреттер: автордан

– Бүгін бөлімінің тарихында бірінші рет салынған жаңа спорт залында қонақтарды қабылдау құрметіне ие болдық. Әскери қызметшілерге ыңғайлы болу үшін , олар әркез дайындықта болулары үшін арнайы салынған спортзал өте кең және спорттық жабдықтармен қамтылған. Бұл спорттық жарысқа әр қаладан келген барлық әскери қызметшілер, атап айтқанда «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердің командалар қатысады. Осы ойындардың қорытындысы бойынша Бас қолбасшының кубогы үшін ең мықтылар анықталып, содан кейін республикаға Ұлттық ұланның волейбол командасының атынан қатысатын команда анықталады, – деп атап өтті 6697 әскери бөлімінің командирі полковник Талғат Әбдіров.

Жарыс қорытындысы бойынша І орынды Петропавлдық 6637 әскери бөлімі иеленді. Одан кейінгі сатыда Теміртаулық 5516 әскери бөлімі, Ұлттық ұланның 6697 әскери бөлімі – ІІІ орынға табан тіреді.

Алияр ДҮЙСЕНБАЙ,
ҚР Ұлттық ұланы Орталық өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button