Жаңалықтар

Теміртаулық спортшы оқ атудан Әлем Кубогында қола жүлдеге ие болды

Индонезиядағы Әлем Кубогында оқ атудан Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте 11 медаль (үш алтын, бес күміс және үш қола) жеңіп алып, бірінші орынды иеленді. Команданың жетістігіне Теміртаулық спортшы Ольга Аксенова да өз үлесін қосты.

25m pistol жаттығулары командалық есебінде Ольга мен Шымкент қаласының спортшысы Ирина Юнусметова мен Сәуле Әлімбек қола жүлдеге ие болды. Теміртаулық спортшының жаттықтырушысы – Владимир Ковалев.

Индонезиядағы Әлем Кубогында оқ атудан Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте 11 медаль (үш алтын, бес күміс және үш қола) жеңіп алып, бірінші орынды иеленді. Команданың жетістігіне Теміртаулық спортшы Ольга Аксенова да өз үлесін қосты

Жарысқа әлемнің 32 елінен 350-ден астам спортшы қатысты. Қазақстан атынан 15 мықты атқыш қатысты.

Оқ атудан Әлем Кубогы – бұл ISSF кестесінде көтерілуге мүмкіндік беретін және Париж – 2024 Олимпиадасына қатысуға лицензия алуға мүмкіндік беретін рейтингтік турнир.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button