АймақТеміртау

Теміртаулық оқушы қаланың туристік бағыттарының интерактивті картасын әзірледі

Теміртаудағы №1 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы Артем Васильев туристік бағытта интерактивті карта жасап шығарды. Картаның көмегімен қала қонақтары металургтер қаласының көрікті жерлері мен тарихи орындарына виртуалды түрде саяхат жасай алады.

Бұл идея «Теміртау қаласы бойынша туристік маршрут» тақырыбында жоба әзірлеу барысында туындаған. Кейінірек осы тақырыпты толық зерттеп, қаланың көрікті жерлері туралы кеңінен ақпарат жинайды. Қала тұрғындарынан сауалнама алып, тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлерімен де кездесіпті.

– Қалаға қонаққа келген жандардан бөлек, жұмыс үшін келетіндер де жетерлік. Туристік агенттіктер қала қонақтары үшін демалыс күндерін немесе бір апта уақытын бөліп, қасында жүре алмайды. Осы мақсатта жаңа жоба дайындап, бірнеше бағыт бойынша бөліп қойдым. Әуелі, шаһар тарихы жайында, спортшылары, демалуға болатын орындар мен спорттық алаңдар жайында құрылымдары бар, – деді идея авторы.

Мәселен, демалыс күнгі маршруттың интерактивті картасына қалалық саябақ, қысқы бақ, Теміртау тарихи-өлкетану мұражайы мен мұз спорт сарайы сынды нысандар енген. Ал, тарихи бағытына ескі қаладағы саябақ, Нұра өзенінің бөгеті, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан теміртаулық жауынгерлерге арналған ескерткіш, Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы, Металлургтер монументі, «Зеница» ескерткіш тасы, интернационалист-жауынгерлерге арналған ескерткіш, Теміртау тарихи-өлкетану мұражайы, Әлихан Бөкейхан атындағы мешіт, Никольский шіркеуі, отаршылдықты еске алуға арналған Теміртау қаласының негізі қаланған «Қазақстандық болатқа 50 жыл» стеласы, қалаға кіре берістегі монументтегі Еңбек Қызыл Ту ордені енгізілген. Ал, үшінші бағыттағы маршрутқа қаладағы танымал спорт нысандары қамтылған.

– Жобаны құрастыру үшін бір ай уақыт жұмсадым. Карталар интернет пайдаланушыларына қол жетімді. Жақында жалпы білім беретін пәндер бойынша қалалық ғылыми жоба байқауында жұмысты қорғап, ІІІ орын иелендім. Енді қала бойынша сайт пен виртуалды маршрут әзірлеуді жоспарлап отырмын. Маршруттарға кірген нысандарды 3D принтерде басып шығаруды және турдың 3D макетін жасауды жоспарлап отырмын. Сондай-ақ, тур мен маршрут туралы брошюралар дайындап, қаланың туристік фирмаларының бірімен біріге жұмыс істеуге келістім, – деді Артем Васильев.

Ербол ЕРБОЛАТ.

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button