АймақТеміртау

Теміртаудан шақырылған Ұлттық ұлан сарбазы қайтыс болды

Бүгін, түнде Теміртаудан шақырылған 6636 әскери бөлімінің әскери қызметшісі, қатардағы жауынгер Сұлтанов Қайсар Маратұлы әскери қалашықты күзету жөніндегі кезекші бөлімшенің құрамында қызмет ету барысында атылған күйінде табылған.

Штаб бойынша кезекші және кезекші бөлімшенің командирі сағат 01.20 шамасында жауынгерлердің қызмет өткеруін тексеру кезінде қатардағы жауынгер Қайрат Маратұлы Сұлтановты өз бекетінде басына тиген оқ жарақатымен тапты. Оқыс оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлері сарбаздың қайтыс болғанын мәлімдеген. Мәлім болғандай сарбаз кезекші бөлімшенің құрамында болған кезде өзінің басына штаттық қарудан оқ атқан.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Қызметтік тергеу жүргізілуде.

– 9 қазанда сағат 01.20 шамасында Теміртау қаласынан шақырылған 6636 әскери бөлімінің сарбазы кезекші бөлімшенің құрамындағы қызметі кезінде штаттық қарудан өз басына оқ атып, көз жұмды. 6636 әскери бөлімінің қолбасшылығы қатардағы жауынгер Қ.М.Сұлтановтың туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз, – дейді ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА, 

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button