Бас тақырып

Теміртауда жылу желілерін жөндеп жатқан компания жұмысына вице-премьердің көңілі толмайды

Теміртауда жылу көздері мен жылу желілерін ауқымды реконструкциялау жұмыстары жүріп жатыр. Кестеден кешігу де бар. Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысын тексеріп, құрылыс-монтаждау жұмыстарын уақытылы аяқтау қажеттігін белгілеп, ескерту жасады.

Роман Скляр

«АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамы екінші жылу электр орталығындағы жылу беру маусымына дайындық барысы және жетінші қазандықтың құрылысы туралы кәсіпорынның бас директоры Владимир Яблонский баяндады. Оның айтуынша, үш қазандық пен үш турбиналы генераторды жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Ал, жетінші қазандықты орнату бойынша маңызды жобаны іске асыру кешіктірілуде. Нысанда жұмысшылар санының кемдігінен негізгі жабдықтар белгіленген межеден кешігіп орнатылуда.

Мердігер ұйым «AB Construction» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі басшылығының есебін тыңдаған вице-премьер кәсіпорын жұмысына көңілі толмайтындығын жеткізіп, жұмыс қарқынын үдету қажетін алға тартты.

Роман Васильевич жылу желілерін жөндеу бағдарламасымен жіті танысып шығып, қалада жылу желілерінің тозған учаскелерін реконструкциялау бойынша жекелеген кеңестерін жұмыс тобына ұсынды. Бастысы, кешенді жұмыс жылу беру маусымы басталғанға дейін аяқталуы тиіс.

Ерқанат КЕҢЕСБЕКҰЛЫ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button