Бас тақырыпТеміртау

Теміртауда жаңа емхана ашылады

Теміртау қаласында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Қазіргі таңда жаңа емхананың құрылысы аяқталуға жақын. Сонымен қатар,  денешынықтыру-сауықтыру кешенінің іргетасы қаланды. Атқарылған жұмыстардың барысын аймақ басшысы Ерлан Қошанов бақылап, құрыш қаланың қысқа дайындығын да тексеріп қайтты.

Әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысын “АрселорМиттал Теміртау” АҚ қаржыландыруда. Ал, жергілікті билік өкілдері оларға жер телімдерін бөліп, қажетті жағдайларды жасауда.  Жаңа емхана халық көп шоғырланған ауданда салынып жатыр. Нысан ашылған соң мекемеге 20 мыңға дейін адам тіркеле алады. Емхана заманауи дизайнда безендірілген. Қажетті медициналық жабдықтарға да тапсырыс берілген. Мердігер компанияның хабарлауынша, құрылыс жұмыстары 1 желтоқсанға дейін толық аяқталады.

Денешынытыру-сауықтыру кешенінің құрылысына келер болсақ, онда құрылыс алаңында іргетас дайындалды. Айдың ортасына дейін металлоконструкция қойылады және қаңқаның құрылысы басталады. Облыс әкімі құрылыс сапасын бақылап, межелі мерзімнен кешікпеуді  тапсырды. 

Басқа материалдар

Back to top button