Жаңалықтар

Теміртауда зейнеткерді тонап кетті

Теміртауда зейнеткерді соққыға жығып, ақшасы мен банк картасы салынған әмиянын алып кеткен күдікті ұсталды.  

Оқиға «Горки Дружбы» көшесінің бойындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласында орын алған. Хабарлама түнгі 00:00 шамасында қалалық полиция басқармасына қарасты шығыс полиция бөліміне түскен. Оқиға орнына бірден жедел-тергеу тобы мен сол маңға жақын патрульдік полиция наряды жіберілді.

Зейнеткер  оқиға орнына барған полиция қызметкерлеріне шабуылдың үйіне кіре берісте орын алғанын айтты. Бәз-біреу зейнеткерге соққы жасап, әмиянын алып кеткен. Әмиянның ішінде 123 мың теңге және банк карталары болған.

Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 196 мың теңгені құрады. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 40 жастағы күдікті ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ зат тәркіленді.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабына (Тонау) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button