АймақТеміртау

Теміртаудағы заңсыз қоқыс үйінділері тазартылуда

Теміртауда 52 қоқыс алаңы абаттандырылып, сырты темір қоршаумен қоршалды. Келесі жылы қоқыс алаңдарына кіретін жол төселмек. 30-ға жуық жерасты контейнері орнатылып, қаладағы заңсыз қоқыс үйінділері тазартылды. Сонымен қатар, пластик қалдықтарын салатын арнайы контейнерлер қойылды.

Суреттер: облыс әкімдігінің сайтынан

– Бұрын тоғыз мекенжай бойынша эксперимент ретінде жер асты қоқыс жәшіктерін орнатқан болатынбыз. Тұрғындардан контейнерлер туралы пікір де жинағанбыз. Негізі, көпшілік оң пікірде. Десе де егде жастағы адамдарға қақпақты аяқпен ашу қиынға соғады екен. Енді біз осы мәселені пысықтайтын боламыз, – дейді ТКШ бөлімі басшысының міндетін атқарушы Қанат Хасенов.

Бүгінде бес шағын аудан бойынша қоқыс үйінділері тазартылды. Алты мың текше метрден астам қоқыс қалдықтары шығарылды. Алдағы уақытта 20 мың текше метрден астам қоқысты стихиялық полигондардан шығару жоспарлануда. Сонымен қатар, аула ішіндегі контейнерлердің үстіне жарық тіректері орнатылып, қауіпсіздік камералары қойылады.

– Пластик қалдықтарды жинау үшін Теміртауда ерекше контейнерлер орнатылады. Ол контейнерлер бөтелке пішінде жасалған. Алыстан бірден көзге түседі. Үш торлы бөтелке пішінді контейнер “Металлург” стадионының аумағына қойылды. Қалаға дәл осындай 15 контейнер қойылды – деді Қанат Хасенов.

Айта кетейік, мұндай ерекше пішіндегі контейнерлер «Восток» саябағында, ескі қала мен «Металлургтер» ескерткішінің алаңында қойылған. Және контейнерлердің жанында пайдалану жөніндегі нұсқаулық та бар.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button