Бүгін Теміртау қаласында тұңғыш рет 2009-2011 жылы туған 15 жасқа дейінгі жеткіншектер арасында еркін күрестен Қарағанды облысының біріншілігі өтіп жатыр.
![](http://ortalyq.kz/wp-content/uploads/2024/02/b50f4c45-f508-4040-bc7c-0cba7c378833.jpg)
Онда облысымыздың аудан, қалаларынан 200-ге жуық спортшы 10 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынап, Қазақстан Республикасының чемпионатына жолдама алады.
Сайыстың бас төреші Абиров Қадырбек. Іріктеу сайысында қаламыздың намысын 60 спортшы қорғайды. Ал, ел біріншілігі 3-6 сәуірде Петропавл қаласында өтеді.
Әділет ШОПЕН