ЖаңалықтарТеміртау

Теміртауда Тұңғыш Президент күніне орай салтанатты іс-шара өтті

Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында Тұңғыш Президент күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Шараға облыс әкімі Жеңіс ҚАСЫМБЕК пен Елбасының әріптестері, Тәуелсіздік құрдастары қатысты.

Салтанатты шарада сөз алған облыс әкімі Жеңіс Қасымбек Ұлт көшбасшысының егемен елімізді өркендету жолындағы жұмсаған күш-жігері мен еңбегін елеп, ерекше атады.

– Биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығын қорытындылай келе, біздің еліміз Тұңғыш Президенттің басшылығымен жаһандық тарих үшін осындай қысқа мерзім ішінде қандай экономикалық, саяси және мәдени серпіліс жасағанын айқын көреміз, – деді Жеңіс Махмұдұлы.

Ал, Елбасының серіктестері өз кезегінде Тұңғыш президенттің жастық шағы мен Теміртауға сапары туралы естеліктерімен бөлісті.

Сонымен қатар, аймақ басшысы қалада атқарылып жатқан жұмыстардың бір бөлігін айтып өтті.

– Құрылған қолайлы инвестициялық ахуалдың арқасында облыс картасында прогрессивті технологияларды қолдана отырып, 100-ге жуық ірі жаңа кәсіпорындар пайда болды және олардың саны жыл сайын өсіп келеді. Шикізат өңірінен біз дамыған кәсіпкерлік кластерге өстік. Бүгінде облыстың әрбір үшінші тұрғыны шағын және орта бизнеске тартылған, – деді аймақ басшысы.

ТЕМІРТАУ қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button