АймақТеміртау

Теміртауда ойын алаңдары салынады

Теміртау қаласының әкімдігі биыл бірнеше ойын алаңдарын қалыпқа келтірмек. Тіпті, жөндеу жұмыстары жүргізілетін аулалардың тізімін де жариялады.

Мәселен, 6-шағын аудандағы №58, 59, 21, 34 және 48 үйдің жанына және №55 үйдің артына жаңа ойын алаңы салынады. Ал, 7-шағын аудандағы №23, 49 үйдің және 8-шағын аудандағы № 77 үйдің ауласындағы балаларға арналған аттракцион жаңартылады.  

Және Республика даңғылындағы №16/1, 16/2, 16/3, 33, 51/3 және №93/1 үйдің, Шоқан Уәлихан көшесіндегі №15/1 үйдің ауласына балалар алаңы орнатылады. Мира даңғылы бойынша № 53 және 102 үйдің, Абай көшесіндегі №112/1, 78/2, 32/1 үйдің ауласы да қалыпқа келтірілетін аула тізімінің қатарына енген.

Бұдан бөлек, Металлургов даңғылы  бойынша  №2, 7г, 9/2, 12/1, 26/3, Байсейітова көшесіндегі № 4, 19, Чернышевский көшесіндегі  №97 үй, Нұркен Әбдіров көшесіндегі №6, «Қазахстанская» көшесіндегі №6, 70 орам, №3 үйдің жанынан балалар ойын алаңы жаңадан ашылады.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button