АймақЖаңалықтар

Теміртауда мас жүргізуші полиция қызметкерін 200 метрдей кюветке сүйреп әкетті

Құжат тексеру барысында оқиға орнынан қашпақ болған жүргізуші көлікке жартылай мініп үлгерген полиция қызметкерін 200 метрдей сүйреп өткен. 

Сурет: kstnews.kz

Оқиға 11 ақпан күні сағат 00:35 шамасында болған. Теміртау қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Бейбітшілік даңғылының бойында қызметтік көліктің арнайы дауыс шығарғыш құралы арқылы 31 жастағы жеңіл автокөлік жұргізушісін тоқтатады. Полиция қызметкерлерінің көліктің құжаттарын беру талабына жүргізуші құжаттардың жоқтығын айтқан. Тәртіп сақшылары одан ішімдіктің иісін сезіп, көліктен түсуін талап етеді. Сол мезетте, жүргізуші көліктің есігін жаппай, оқиға орнынан қашпақ болады. Тәртіп сақшыларының бірі көлік салонына секіріп мінеді, бірақ бір аяғы сыртта қалып қояды. Жүргізуші тәртіп сақшысын 200 метр сүйреп, жол жиегіне шығып барып тоқтайды.

Полиция қызметкерлері жүргізушіні наркология орталығына жеткізіп, оның орта дәрежеде ішімдік ішкен күйде болғаны анықталды. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608, 613 және 667-баптарына сәйкес хаттамалар толтырылды. Соттың шешімімен 30 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші құқығынан айырылды.

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button