Жаңалықтар

Теміртауда кеншілер күніне орай мерекелік концерт өтеді

Ертең Теміртауда Металлургтер монументінің жанындағы алаңда Металлургтер күніне арналған мерекелік концерт өтеді. Онда Қазақ эстрадасының жұлдыздары өнер көрсетеді деп күтілуде. Соған байланысты Республика даңғылы мен Металлургтер даңғылының қиылысы уақытша жабылады.

Металлургтер күні

Кеште «Дос-Мұқасан» тобы, Мирас Жүгінісов, Садраддин және басқа да әртістер өнер көрсетеді. Концерттік бағдарлама сағат 18:00-де басталады. Сонымен қатар, шара барысында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ болат департаменті қызметкерлері арасында лотерея өткізілмек. Ұтысқа 50 велосипед қойылған.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button