Теміртауда ер адамды өртеп жіберген

Теміртау қаласында ер адамды өртеп жіберген қылмыскерлер іздестіруде. Қанды оқиға  Панфилов көшесінің бойындағы «Валентина» дүкені маңында орын алған. Мәйітті сол маңда тұратын адамдар тауып алыпты, -деп хабарлайды Ortalyq.kz

«Теміртау қаласында табылған ер адамның мәйітіне қатысты ҚР ҚК «Адам өлтіру» бабы бойынша іс қозғалып, марқұмның жеке басын анықтау шаралары жүргізілуде. Қажетті сараптама тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр», — деп хабарлады Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметі. 

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, соңғы уақытта бұл адамда күмәнді адамдар тобы пайда болған. Олар үнемі өзара жанжалдасып, төбелес шығарып жүреді екен.  

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.