Бас тақырыпЖаңалықтар

Теміртауда екі жастағы бала терезеден құлап кетті

Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше Теміртау қаласында үлкендердің қарауынсыз қалған екі жастағы бала терезеден құлап кеткен. Оқыс оқиға 12 сәуір, кешкі сағат сегіздер шамасында орын алған.

Сурет:

Ведомствоның мәліметінше, бұл уақытта баланың анасы ас үйде болған. Қазір оқиғаның қалған мән-жайы анықталуда. Белгілі болғандай, бала көптеген дене жарақаттарымен дереу ауруханаға жеткізілген. Еске салайық, бұл биылғы жылдың басынан бері төртінші оқиға болып отыр. Алғашқы үш бала да жарақатпен ауруханаға түскен.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button