АймақЖаңалықтар

Теміртауда балабақша тәрбиешісі жұмысқа мас күйінде келді деп айыпталуда

Теміртаудағы «Айгөлек» балабақшасы тәрбиешісінің әрекетіне балалардың ата-аналары шағымданды. Олар тәрбиешінің жұмысқа мас күйінде келіп, балаларға дөрекі әрекет еткенін алға тартқан.

Сурет: видеодан

— 30 қыркүйек күні тәрбиеші мас күйінде мемлекеттік мекемеде жұмыс істеген. Видеодан тәрбиешінің балаларға дөрекі қарым-қатынас жасағанын көруге болады. Өкінішке қарай, видеода бәрі толық көрсетілмейді. Оқиғаның мән-жайына келетін болсақ, ол балалардың бетіне пижама лақтырып, бір баланы ұстап алып, төсекке лақтырып жіберген, — деп шағымданады теміртаулықтар.

Балалардың ата-аналары қалалық білім бөлімі мен прокуратураға арыз жазғандарын айтады. Қарағанды облысының білім басқармасы ата-аналардың арыз жазу фактісін растады. Тәрбиешіге қатысты ішкі аудит жүргізілуде.

— Теміртау қаласының білім бөлімі «Айгөлек» балабақшасында орын алған оқиға бойынша қазіргі уақытта қызметтік тексеріс жүргізуде. Тексеріс қорытындысына сәйкес тиісті шара қолданылады, — деді білім басқармасы.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button