АймақТеміртау

Теміртауда ауқымды премьера өтеді

Теміртауда Александр Пушкиннің 225 жылдығына орай Балалар мен жасөспірімдерге арналған Теміртау театры «Салтан патша туралы ертегі» спектаклін көпшілік назарына ұсынбақ. Ауқымды премьера 17 және 18 ақпанда қала театрында өтеді. Спектаклдің қоюшы-режиссер – Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Вадим Домбровский, қоюшы-суретшісі – Татьяна Ушакова.

Сурет: театрдың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Александр Пушкиннің «Салтан патша туралы ертегі» шығармасы бойынша спектакльді түрлі театрлардың сахналарынан көруге болады. Теміртауда барлық авторлық мәтінді сақтау туралы шешім қабылданды. Көрермендерді тосынсыйлар, билер, әндер және актерлердің ерекше ойынымен көңілді қойылым күтеді. Суретші ертегі кейіпкерлері үшін жарқын костюмдер әзірлеген. Балетмейстер қойылымды орыс халық билерімен байытты.

Барлық декорациялар көрермендердің көз алдында тек үш үлкен матаның көмегімен жасалады, олар теңізге, содан кейін қалаға айналады.

– Қуыршақ театрының әдістері қолданылады – ертегіні сайқымазақтар ойнайды. Қойылымда орыс халықтық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары көрсетілген. Шығармаға енген және спектакльдің өзінде қайталанған негізгі ой – мейірімділік, жанқиярлық, кешірім сияқты мәңгілік адами құндылықтарды еске түсіру, – деді Вадим Домбровский.

Премьералық көрсетілімдердің басталуы сағат 12:00-де.

Әділет ШОПЕН.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button