АймақТеміртау

Теміртауда алғаш рет веложарыс өтпекші

Биыл Теміртау шаһарының негізі қаланғанына – 78 жыл. Металлургтер қаласында қала күніне орайластырылған күзгі веложарыс өтті. Оған 2007-2012 жылдары туған жасөспірімдер қатысты.

– Қала күніне орай алғаш рет өткен бұл шара – саламатты өмір салтын насихаттаудың бір көрінісі. Мұнда қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлауды мақсат тұттық. Алдымен 2007-2008 жылдардағы спортшылар бастады. Барлығы 16 айналым жасалды. Әр екі айналым сайын жаңа топ жіберілді, – дейді Теміртау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің сектор меңгерушісі Айгерім Қарымсақова.

Қатысушылардың жалпы саны 60-тан асты. Жеңімпаздарға диплом және сыйлықтар табысталды.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button