Теміртау тұрғынынан 3 келі есірткі тәркіленді

Астана полицейлері Теміртау тұрғынынан 3 келі гашиш тәркіледі, деп хабарлайды ortalyq.kz Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

Елорданың ҰҚҚКБ қызметкерлері патрульдік полициямен бірлесіп, Мәңгілік Ел даңғылы бойындағы көлік тұрағынан 51 жастағы Теміртау тұрғынын тексерген. Тінту кезінде рюкзактан жалпы салмағы 2,918 келі болатын сұр-жасыл түсті зат салынған полиэтилен пакеті табылған.

Тәркіленген есірткі затының гашиш екендігі анықталған.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 296-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам УҰИ-ға қамалды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.