Тексеріс жиіледі
Биыл шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты мемлекеттік органдар жүргізген тексерулер саны артты. Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті осылай дейді.
Жыл басынан бері шағын және ірі кәсіпкерлікке қатысты жүргізілген тексерулер саны артқан. Микро бизнесте – 3 574 тексеру, шағын бизнесте – 7 788 тексеру, орта бизнесте – 2 590 тексеру, ірі бизнесте – 2 487 тексеру.
«Ең көп тіркелген тексерулер Алматы қаласында – 3 718, Астана қаласында – 1 923, Шығыс Қазақстанда – 1 695, Қарағанды облысында – 1 607, Қостанайда – 1 578 және Ақмола облысында тіркелді. Ең аз тексерістер Ұлытау, Жетісу және Атырау облыстарында жүргізілді», – дейді комитеттегілер.
Естеріңізге сала кетейік, былтыр Президент Жарлығымен шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге қатысты мораторий 2024 жылға дейін ұзартылған еді.