Жаңалықтар

Техникалық реттеу – бәсекелестік кепілі

Қазақстан Республиканың Конституциясы бойынша кәсіп иелерін іс-әрекеттері тек қана Заң арқылы шектеледі және Конституцияға қатысты жүргізіледі алады. Атап айтқанда, Конституция қорғайтын жағдайлар – адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігі, жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне зиян келтірмеу. Міндетті талаптарды үйлестіруге тырысу, жоғарғы деңгейдегі нормативтік актілер арқылы кәсіп иелерінің қаржылық емес сипаттағы міндетті талаптарын белгілеу қазіргі заманға тән дүниежүзілік тәжірибеден туындайды. «Техникалық реттеу туралы Заңында» келтірілген отандық техникалық реттеу жүйесі осы тәжірибені ескере отырып құрылған.

Техникалық реттеудің басты мақсаты – техникалық регламенттерді қабылдау. Техникалық регламент – өнімдерге және олардың өмірлік циклінің процестеріне қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін, Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» заңнамасына сәйкес өзгеретін және қолданылатын нормативтік-құқықтық акт. Техникалық регламенттерді қабылдау мақсаттары – адам өмірі мен денсаулығын, жеке немесе заңды тұлғалардың мүліктерін, мемлекеттік және муниципалдық мүліктерді қорғау. Қоршаған ортаны, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау. Өнімнің, көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігіне қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын іс-әрекеттердің алдын алу. Саудадағы техникалық кедергілерді жою. Отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

ҚР Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруінің басты шарттарының бірі – осы ұйымның саудадағы техникалық кедергілерге қатысты келісімінің талаптарын сақтау. Техникалық кедергілерді жоюға қатысты бағдарламалардың негізін Үкіметтің шаруашылық субъектілерінің нарықтағы жұмыс ретін ұйымдастыруға бағытталған техникалық реттеу шеңберіндегі іс-қимылдары құрайды. Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңына сәйкес, техникалық реттеу – санитарлық және фитосанитарлық шараларды қоспағанда, сәйкестікті растау, акредиттеу және белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі қызметті қоса алғанда, өнімге, көрсетілген қызметке, процестерге қойылатын міндетті және ерікті талаптарды анықтауға, белгілеуге, қолдануға және орындауға байланысты қатынастарды құқықтық және нормативтік реттеу. Халықаралық тәжірибеде стандарттар ерікті құжаттар түрінде қарастырылады да, негізгі талаптар «техникалық регламент» деп аталатын бір құжатта шоғырланады. Стандарттар техникалық регламенттерде, оларға сілтемелер жасалғанда ғана міндетті түрде орындалуға тиісті өйткені, олар өнімнің, қызмет көрсетудің техникалық регламенттерде белгіленген нормалары мен талаптарына сәйкестігін дәлелду негізі ретінде қарастырылады. Техникалық регламенттің мысалы ретінде Еуропа Одағының заңнамаларын келтіруге болады. Еуропа Одағында стандарттар ерікті түрде болғанымен, қолданыстағы техникалық реттеу жүйесі олардың орындалмауына жол бермейді және Бұл жағдай өнімдер мен қызмет көрсетудің басым үлесін қамтиды.

Қазіргі таңда Кеден одағында техникалық регламенттер саны 40-қа жетіп отыр. Қазақстан Республикасында «Өнімді таңбалауға қойылатын талаптар» техникалық регламенті қабылданып, қолданысқа енгізілді. Бұл техникалық регламентте отандық, импорт өндірісіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағында өткізтілетін Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында өндірілетін өнімге қолданылады және Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын құратын халықаралық шарттармен және актілермен белгіленген қатынастарға қолданылмайды, оның ішінде, Еуразиялық экономикалық одағының (Кеден Одағының) техникалық регламенттерінің техникалық реттеу объектілері болып табылатын өнімдеріне қолданылмайды.Техникалық регламенттің ережелері өнімді жобалау (іздестіруді қоса алғанда), өндіру, салу, монтаждау, баптау, пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткізу және кәдеге жарату, техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу кезінде, сондай-ақ сәйкестікті растау кезінде қолданылуы тиіс.

Мөлдір ҚОЗЫБЕКОВА,

«ҚазСтИн» РМК Қарағанды филиалының жетекші маманы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button